2024 жылдың 25 қаңтарында Рудный индустриялық университетінің қабырғасында Қостанай облысының мектептері мен колледждерінің түлектері үшін Ашық есік күні өтті.

2024 жылдың 25 қаңтарында Рудный индустриялық университетінің қабырғасында Қостанай облысының мектептері мен колледждерінің түлектері үшін Ашық есік күні өтті.

Болашақ талапкерлер үшін ЖОО-ның зертханалары мен мамандандырылған аудиториялары бойынша экскурсия ұйымдастырылды, онда біздің қонақтар білім беру үдерісі қандай заманауи жабдықта салынғанын көріп, оларды қызықтыратын білім беру бағдарламасы бойынша сұрақтар қоя алды.

Балалар сонымен қатар университеттің мұражайы, спорт залы, кітапханасы мен асханасын көрді. Студенттермен кездесті, оқушылар студенттермен үлкен қызығушылықпен сөйлесті, РИУ-де оқу туралы әңгімелесті. Студенттер оқушылар үшін танымдық викторина өткізді, онда қатысушылар университеттің әртүрлі білім беру бағдарламаларына қатысты өздерінің қызығушылықтары мен білімдерін көрсетті.

ЖОО-мен танысудың келесі кезеңі – қаламыздың көңілді және тапқыр жастарын біріктірген РИУ Басқарма Төрағасы-Ректорының кубогына арналған КВН командаларының турнирі болды. Барлығы 11 команда өнер көрсетті: № 2 Қашар мектебінің командасы – «Жасstar», №7 мектеп-гимназиясының командасы – «Интрига», А.Байтұрсынов атындағы мектеп командасы – «Тұмар», №2 гимназия командасы – «Семеро огней», Қашар №2 мектебінің командасы – «Пороро и его друзья», Рудный политехникалық колледжінің командасы – «Шоу Светланы Раисовны», №3 жалпы білім беретін мектептің командасы – «Кого могли того и собрали», № 19 жалпы білім беретін мектептің командасы – «Ақ пен қара», № 13 жалпы білім беретін мектептің командасы – «Rud style», Рудный қаласы құрамасының командасы – «Техас», Рудный индустриялық университетінің командасы – «Какая никакая».

Қатысушылардың барлығы – әзіл-қалжыңмен және актерлік шеберлігімен, ән мен биімен, шығармашылығымен және тапқырлығымен көрермендерді қызықтырған әзіл-оспақ әуесқойлары. Әзілдер көптеген тақырыптарды қозғады: әлеуметтік және тұрмыстық қиындықтар, студенттік пен мектеп өмірі және басқа да көптеген өзекті тақырыптар.

Іс-шараның демеушілері: Дусалаков Ч.М. – «Горняк» КРЦ, «ССКӨБ» АҚ, тау-кен өндіру кешенінің персонал және мәдениет жөніндегі директоры; Кузьмин С.Л. – РИИ түлектерінің клубы; Айтаканов Д.К. – «Кегок» АҚ Сарбай МЭС филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары; Юсупова А.Ж. – «Аян-Озат» ЖШС директордың даму жөніндегі орынбасары; Исраилова А.А. – «Kamlit KZ» ЖШС оқу орталығының басшысы; Искакова Ж.Н. – «FiRST» отбасылық мейрамханасының әкімшісі; Чабина С.Р. – блогер.

Іс-шара қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын – Рудный политехникалық колледжінің командасы «Шоу Светланы Раисовны», II орын – Рудный қаласы құрамасының командасы «Техас», III орын – №3 жалпы білім беретін мектептің командасы «Кого могли того и собрали», КВН ойынының басқа командалары креативті номинацияларда марапатталды және дипломдарға ие болды. Демеушілер әр командаға тәтті сыйлықтарын, фирмалық өнімдерін сыйлап, ізгі тілектерін білдіруі – КВН турнирі финалы қарқынды күнінің жарқын нүктесі болды.

Университет әкімшілігі Рудный индустриялық университетінің демеушілеріне, қазылар алқасының мүшелеріне, түлектеріне іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді. Университет осы іс-шараны жақсы дәстүрін ретінде сақтап қалуды жоспарлап отыр, ал бүгін КВН Рудный индустриялық университеті сұранысқа ие мамандық алып қана қоймай, өз таланттарын көрсететін орын екенін дәлелдеді!

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте