Рудный индустриялық университетінің білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП рейтингінде жетекші орынға ие болды

Рудный индустриялық университетінің білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП рейтингінде жетекші орынға ие болды.

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп өткізген 2023 жылғы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелері жарияланды.

Рейтинг түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін, түлектердің жалақысының медианасын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді, оқытушылар құрамының сапасын және білім беру бағдарламаларының өзектілігін және т. б. қамтитын 19 критерий бойынша өткізілді.

Рейтингке 95 ЖЖОКБҰ бойынша 121 мамандық (рейтинг) қатысып, 2090 білім беру бағдарламасын қамтыды. 100 235 түлек талданды, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен 190-нан астам салалық сарапшылар тартылды.

Рейтинг нәтижелері бойынша 1 орынды Рудный индустриялық университетінің 3 білім беру бағдарламасы иеленді:

«Тау-кен ісі»,

«Құрылыс»,

«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы және құрылысы».

2 орын – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы.

ТОП-15 құрамына келесі білім беру бағдарламалары кірді:

«Металлургия», «Автоматтандыру және басқару», «Электр энергетикасы».

РИУ әріптестері мен студенттерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз!

Рейтинг нәтижелерімен «Атамекен» ҰКП https://atameken.kz/ru/university_ratings  сайтында танысуға болады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте