Рудный индустриялық институтының студенттерінің білім күні

Білім күні – күздің ең есте қаларлық, қызықты және қуанышты мерекелерінің бірі. Әрбір оқу жылы – бұл жаңа маңызды кезең. Бүгінгі таңда білім алушылардың дәрістерге, практикалық сабақтарға, емтихандарға байыпты және жауапкершілікпен қарауы біздің жалпы табысымызбен байланысты болады.

Рудный индустриялық институтының студенттерін Білім күнімен Басқарма Төрағасы-Ректор, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабеков құттықтады. Әбдірахман Батырбекұлы жоғары оқу орнының студенттеріне алдағы оқу кезеңі, институттың даму перспективалары туралы айтып, жаңа ашылулар, қызықты кездесулер, жемісті оқу және барлық жоспарлардың орындалуын тіледі.

Одан әрі институт студенттері үшін мерекелік іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, цифрлық технологияларды дамытуға, ЖОО-ның академиялық саясатындағы этикалық нормаларға және т. б. арналған тақырыптық дәрістер өткізілді.

Студенттік актив институтта ашылған спорт секциялары, үйірмелері және қызығушылық клубтары туралы танымдық ақпарат дайындады.  Бірінші курс студенттері РИИ-ның студенттік өміріне еніп қана қоймай, оларды сабақтан тыс уақытта қызықтыратын бағыттарды таңдауға мүмкіндік алды.

Ертең РИИ-ның бағдарлау апталығы аясында жоспарланған іс-шаралар циклі жалғасады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте