Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар! Рудный индустриялық институты 2023 жылғы 23 қарашада жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

 Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар!

Рудный индустриялық институты 2023 жылғы 23 қарашада жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

 

«Әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

 

Конференцияның мақсаты: жастардың ғылыми және инновациялық қызметін жандандыру.

Конференцияның міндеттері:

магистранттарды, студенттерді және білім беру мекемелерінің оқушыларын ғылыми қызметке тарту;

шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылықты, патриоттық сезімді, тарихи сананы, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.

 

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

 

  1. Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті елді құрудың негізі – жастар ортасындағы құндылық өзгерістері.
  2. Қазақстанның өнеркәсіптік-технологиялық дамуы: жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер.
  3. Цифрландыру, энергетикалық қауіпсіздік, көлік-логистика саласы – Қазіргі Қазақстанның негізгі даму векторлары.
  4. Креативті индустрияға арналған стратегиялық көзқарас пен мақсатты тұжырымдау.
  5. Елдің өңірлік экономикасын дамытудағы заманауи тәсілдер мен шешімдер.

 

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 7 қарашасына дейін қабылданады.

 

Конференцияға қатысу нысаны: күндізгі немесе сырттай қатысу

 

Талқылауды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық отырыстар

 

Конференцияға қатысу шарттары:

            – өтінім мен баяндама мәтінін көрсетілген мерзімде жіберу;

            – толтырылған өтінімге баяндама жеке файлмен бекітіледі;

            – конференцияға қатысу тегін.

 

Тіркелу шарттары:

Конференцияға қатысуға өтінім мен баяндаманың мәтінін электронды түрде 2023 жылдың 7 қарашасына дейін metodistrii@mail.ru электронды мекен-жайға қоса берілген нысанға сәйкес жолдау қажет:

Информационное письмо 

Ақпараттық хат

Information lette

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте