Радик Хамитович Тажибаев

Радик Хамитович Тажибаев

саясаттану ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі

1990ж. – Украина ЛКЖО атындағы Харьков жоғары әскери авиациялық радиоэлектроника училищесінің түлегі, мамандығы «Командалық авиациялық радиобайланыс», біліктілігі «радиобайланыс құралдарын пайдалану инженері».

1990-1992жж. – бөлек байланыс және радиотехникалық қамсыздандыру батальонының взвод командирі, Петровск қ., Саратов обл.

1992-2000жж. – Рудный қ. №2 гимназиясының алғашқы дайындық бойынша оқытушы-ұйымдастырушысы.

2000 ж. – әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университеті түлегі, мамандығы «Заңтану»,  біліктілігі «Заңгер».

2000-2004жж. – Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, құқық пәнінің оқытушысы.

2004-2008жж. – Рудный қ. №14 Д.М. Карбышев атындағы орта мектептің әскери жетекшісі.

2007 ж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын «Саясаттану» мамандығы б/ша бітірген.

2008 ж. – саясаттану ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін  «Қазақстан  Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің саяси факторлары» атты тақырыпта  диссертация қорғады. Ғылыми жетекшілері: саясаттану ғылымдарының докторы Ж.И.Қуанышев Ж.И., саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Нуртазина.

2008 ж. – РИИ, ЭТжС кафедрасының аға оқытушысы;

2009 ж. қыркүйек – ӘГП кафедрасының аға оқытушысы (ЭТжС кафедрасын тартумен байланысты)

2014 ж. 12 қыркүйек  – ҚтжӘГП кафедрасының меңгерушісі.

30-дан астам жарияланған ғылыми мақалалардың авторы, олардың 4 – і ҚР БҒМ БАК ұсынған жорналдар мен жинақтарға енгізілген.  «Кәсіпкерлік құқық» оқу құралының авторы.

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте