2022 жылдың 14 сәуірінде Рудный индустриялық институтының цифрлық кітапханасының оқу залында «Өмір ғылым ретінде. Ғылым өмір ретінде» атты ғылыми қызметкерлер күніне арналған.

Өмір ғылым ретінде. Ғылым өмір ретінде.

 

2022 жылдың 14 сәуірінде Рудный индустриялық институтының цифрлық кітапханасының оқу залында «Өмір ғылым ретінде. Ғылым өмір ретінде» атты ғылыми қызметкерлер күніне арналған.

Экспозицияда техника мен технология саласындағы заманауи жетістіктерді көрсететін жаңа ғылыми басылымдар, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді табысты жүргізу үшін студенттерге арналған әдебиеттер ұсынылды.

Сонымен қатар, ЖОО-ның білім алушылары мен қонақтары институт ПОҚ дайындаған монографиялармен, оқу құралдарымен, оқулықтармен, ғылыми мақалалармен және шолулармен танысты.

Институт оқытушыларының жарияланымдық белсенділігін талдай келе, Рудный индустриялық институтының ғалымдары жоғары жарияланымдық белсенділігін көрсетіп отырғанын атап өтуге болады. Мәселен, Materials Science бағыты бойынша импакт-факторлы журналдардағы мақалалар мен шолулардың саны бойынша РИИ Қазақстан Республикасындағы 21 ЖОО арасында 12-орынды (әлемде 3583-орын), ал Physics бағыты бойынша 24 қазақстандық ЖОО арасында 21-орынды (әлемде 4523-орын) иеленеді.

Соңғы үш жыл ішінде халықаралық деректер базасына индекстелген шетелдік басылымдарда 126 мақала; КОКСОН ұсынған журналдарда 46 мақала; халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялар материалдарында 500-ден астам баяндама жарияланды.

Импакт-факторы бар басылымдардағы жарияланымдар санының өсуінің тұрақты серпіні байқалды, ЖОО ғалымдарының Хирш индексінің өсуі байқалады. Жыл сайын халықаралық деректер қорына индекстелген шетелдік ғылыми журналдарда жарияланымдары бар ПОҚ үлесі 5%-ға ұлғаяды.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте