Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және Рудный индустриялық институты арасында жасалған дуалды оқыту жүйесінің элементтерін іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы шарт

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және Рудный индустриялық институты арасында жасалған дуалды оқыту жүйесінің элементтерін іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы шарт, сондай-ақ РИИ-ның «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен жасалған әлеуметтік әріптестік туралы шарт шеңберінде институт студенттері осы кәсіпорында тағылымдамадан өтеді. «Технологиялық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру», «Электр энергетикасы және электр техникасы» және «Көлік техникасы мен технологиялары» білім беру бағдарламаларының студенттері кәсіпорынның қолданыстағы жабдығында практикалық және зертханалық жұмыстарды орындайды.

Тағылымдама бағдарламасы шеңберінде РИИ студенттері машина жасаудағы өндірісті басқарудың электрондық автоматтандырылған жүйелерімен (түйіспелі дәнекерлеудің роботтандырылған кешендерін және автомобиль шанағын бояуды, герметик жағуды; дәнекерлеу және құрастыру цехы желісінің автоматтандырылған роликті конвейерлерін; автоматтандырылған жүйелердің диагностикалық құрылғылары мен жабдықтарын; өнеркәсіптік жабдықты сертификаттау мәселелерін және т.б. зерделейді) танысады.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін студенттер «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мамандарынан және РИИ жетекші оқытушыларынан тұратын Сараптамалық кеңес отырысында практикалық дағдыларды аккредиттеуден өтеді.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте