Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады.

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ
📣📣📣📣📣📣📣📣

🎓Құрметті достар!

💻Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады.
📲Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

💡Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

✅Қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
✅Жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
✅Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
✅Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

💸Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.

📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.

👏Сәттілік!

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте