Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі конкурс жариялайды “ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022”

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі

конкурс жариялайды

“ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2022”

Конкурс екі кезеңде – ЖОО ішінде  және республикалық  болып өткізіледі.

Конкурстың I кезеңіне кандидаттар қатысу үшін 2022 жылдың  5 қарашасына дейін штаттық оқытушылар қатарынан институттың конкурстық комиссиясына мынадай құжаттарды дайындап, ұсынуы тиіс:

1) 1-қосымшаға сәйкес “ЖОО-ның үздік оқытушысы” конкурсына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім;

2) 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс  – жоспар  кестесі;

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

Байқаудың бірінші кезеңі 2022 жылдың 1 қарашасында басталып, 2022 жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады.

Конкурстың 1 кезеңіне апелляция қабылдау 11-15 қараша аралығында өтеді.

Байқаудың екінші кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасында басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте