РИИ студенттер және кәсіпкерлер альянсы

РИИ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛЕР АЛЬЯНСЫ

СИПАТТАМАСЫ

«Қазақстан 2050» және «Нұрлы жол – Болашаққа жол» стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру аясында  басты мақсаттары мен міндеттері студенттік жастардың алдағы уақытта кәсіпкерлік ой өрісін дамыту және өсіру үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылатын РИИ студенттерінің және кәсіпкерлердің альянсы құрылды.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 1) мемлекеттік кәсіпкерлік саясатты дамытуына және өңдеуіне ықпал жасау;

 2) қазақстандық патриоттықты қалыптастыруға ықпал ету;

 3) кәсіпкерлік ортада аймақтық саясатты жүзеге асыру.

Альянс құрылымына Кеңес және Бизнес-мектеп кіреді. Бизнес-мектеп экономика секторларының кәсіпкерлерін қатыстырумен білім беру қызметін жүзеге асыратын Альянстың жұмысшы органы болып табылады.

ФУНКЦИЯЛАРЫ

1) Альянс қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2) Бизнес-мектеп жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік және ақпараттық материалдарды дайындау, студенттердің кәсіпкерлердің бизнес-мектептерінің лекцияларына қатысу және кәсіпкерлердің өздерінің қатысу мониторингін өткізу;

3) Жұмыс Жоспарының жобасын, студенттер тізімін, лектор-кәсіпкерлердің келісімі бойынша жұмыс кестесін құру;

4) кәсіпкерлермен өткізілген лекциялардың хаттамаларын рәсімдеу;

5) Осы Ереженің 16 т. көрсетілген номинациялар бойынша сертификаттар дайындау.

6) Бизнес-мектеп қызметін ұйымдастыру шеңберінде Институттың студенттік өзін-өзі басқару және факультет қызметін үйлестіру және ынтымақтастығы.

Басы бағыттары/номинациялары болып мыналар табылады:

1) агроөнеркәсіптік кешен;

2) металлургиялық кешен;

3) машина жасау және құрылыс материалдарын өндіру;

4) химия және жеңіл өнеркәсіп;

5) транспорттық инфрақұрылым;

6) энергетикалық қауіпсіздік;

7) қызметтер.

Бизнес-мектеп курсының соңында қатысушыларға жоғарыда аталған номинациялар бойынша сертификаттар беріледі.

БАЙЛАНЫС

Төраға

Есжанова Айнат Умеркуловна

 

8 (71431) 5-57-60

Орынбасар

Жанабаев Нұрсұлтан

3 курс студенті, мамандығы «Менеджмент»

ricudo19971997@mail.ru

ГАЛЕРЕЯ

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz