Назар аударыңыз! Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланды.
Назар аударыңыз! Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланды.
2025-2026 оқу жылының күзгі семестрінде оқу процесінде 1 білім беру гранты босатылды:
| Р.с. № | Білім беру бағдарламаларының тобы | Оқу курсы | Білім беру гранттарының саны |
Грант туралы мәліметтер |
| 1 | M124 – Құрылыс | 1 | 1 | жалпы грант |
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – бос гранттар) білім беру бағдарламаларының топтарына қарай ақылы, білім алушыларға конкурс негізде беріледі.
Конкурс Білім беру грантын беру туралы куәлік бере отырып, GPA (GradePointAverage – Грейт Поинт Эверейдж) үлгерімінің орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), одан кейін А, А – («өте жақсы») бастап В+, В, В -, С+ («жақсы») бағалары бар, әрі қарай- бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалауға ие білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру демалыс кезеңінде конкурстық негізде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) білім алушы ақылы негізде «Рудный индустриялық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректорының атына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер «Рудный индустриялық университеті» КеАҚ Ғылыми кеңесінің отырысында қаралады.
Өтінішті, транскрипті, үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тиісті Жоғары мектептің деканатына тапсыру қажет.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 05 қаңтарға дейін
Байланыс тел. 92464, 50702
