2025 жылғы 12 желтоқсанда Рудный индустриялық университетінің бас корпусының 249-аудиториясында «ССГПО» АҚ экономика басқармасының басшысы Шталь Евгения Анатольевнаның «Тау-кен кәсіпорны бюджеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы мастер-классы өтті.

Іс-шара барысында тау-кен саласындағы бюджеттік жоспарлаудың негізгі аспектілері, бюджеттерді қалыптастыру мен бақылаудың ерекшеліктері, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорын мысалында қаржылық басқарудың практикалық мәселелері қарастырылды.
Мастер-класс экономикалық және техникалық бағыттарда білім алатын студенттердің қызығушылығын тудырып, білім алушылардың білімін тереңдетуге және университет пен экономиканың нақты секторы өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.