Магистратураға арналған КТ туралы ақпарат Сәлем, магистратураға түсушілер!

Магистратураға арналған КТ туралы ақпарат

Сәлем, магистратураға түсушілер!

2022 жылғы 1-18 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсу үшін КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ қатысуға арналған ӨТІНІШТЕР қабылданатынын хабарлауға қуаныштымыз.

Кешенді тестілеудің өзі 28 қарашадан 11 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Тіркелу кезінде тестілеу ОРНЫН (қаласын) ӨЗІҢІЗ таңдайсыз!

Тестілеуді ӨТКІЗУ ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 22 қарашада оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

КТ шекті ұпайлары келесідей:

Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант және ақылы негізде түсу үшін).

Бейіндік магистратура – 50 балл ( мемлекеттік грант және ақылы негізде түсу үшін).

Оның ішінде екі бағыт бойынша:

Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық магистратура); ОДТ-кемінде 7 балл; ББТ бейіні бойынша -7 балл (әр пән бойынша).

Ескерту: Қағидаларды бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген адамдар, сондай-ақ, 2022 жылы нәтижелері жойылған адамдар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейді.

2022 жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды. Барлығына сәттілік тілейміз!

Толығырақ http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=5448

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте