Басқарма Төрағасы-Ректор, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабековтың Германияға жұмыс сапары аясында Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің ректоры, Klaus-Dieter Barbknecht профессорымен кездесуі өтті.

Басқарма Төрағасы-Ректор, т.ғ.д., профессор, академик Ә.Б.Найзабековтың Германияға жұмыс сапары аясында Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің ректоры, Klaus-Dieter Barbknecht профессорымен кездесуі өтті.

Біздің институт Фрайберг тау-кен академиясының Техникалық университетімен көпжылдық және тиімді ынтымақтастықты байланыстырады. Қазіргі уақытта университет өзін «ресурстар университеті» ретінде көрсетеді. Университеттің негізгі бағдары – геоғылым, материалтану, энергетика және экология. Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университеті ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі бойынша көшбасшы болып табылатын Германияның бес жоғары оқу орнына кіреді.

Кездесуде білім беру және ғылыми салалардағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.

Профессор Klaus-Dieter Barbknecht РИИ студенттеріне Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің магистратурасы мен PhD докторантурасында оқуын жалғастыру үшін гранттар мен стипендиялар бөлуге ниет білдірді. Бұл мүмкіндікті магистратурада одан әрі оқу үшін бакалавриаттың «Тау-кен ісі», «Металлургия» және «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламаларының түлектері, сондай-ақ PhD докторантурада оқуды жалғастыру мақсатында «Металлургия» және «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтайтын магистрлер пайдалана алады.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен студенттік тағылымдамаларды дамыту мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, РИИ студенттері Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алады. РИИ білім алушыларының тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында шетелдік ЖОО неміс тілін тегін онлайн оқытуды ұйымдастырады. Ал Фрайберг тау-кен академиясының Техникалық университетінің білім алушылары біздің ЖОО-да ашылған тілдік курстарда оқитын болады.

Талқыланатын мәселелердің ауқымы металлургия бағыты бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді одан әрі жүргізуді; Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінде оқытушыларымыз үшін біліктілікті арттыруды және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды қамтыды.

 

 

 

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте