4 наурыз күні Рудный индустриялық университеті базасында қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге арналған воркшоп өтті.

4 наурыз күні Рудный индустриялық университеті базасында Британдық кеңес қолдауымен қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеуге арналған воркшоп өтті.

Іс шараға университеттің профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысып, қос диплом бағдарламаларын және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқылады. Талқылаудың негізгі бағыты Қазақстандағы трансұлттық білім берудің сапасын қамтамасыз ету шеңберін жаңа академиялық бағдарламаларды әзірлеу барысында тиімді қолдану болды.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Ректор Нурбек Пажарбекович Сапарходжаевкездесудің жұмыс бағытын айқындап, халықаралық білім беру жобаларын дамытудағы Британдық кеңеспенынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.

Воркшоп барысында университетте әзірленіп жатқан бағдарламалар бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Әсіресе қос диплом бағдарламаларын әзірлеу әдіснамасына, ұлттық заңнама талаптарына, өзгерістерді басқару мәселелеріне және университеттің институционалдық дайындығына ерекше назар аударылды.
Талқылаудың маңызды бөлігі қос диплом бағдарламаларының университет, профессор оқытушылар құрамы, студенттер, талапкерлер мен олардың ата аналары, серіктес жоғары оқу орындары және жұмыс берушілер үшін стратегиялық маңызын айқындауға арналды.

Топтық жұмыс нәтижесінде университеттегі қос диплом бағдарламаларын әзірлеу туралы ереженің жобасына нақты ұсыныстар мен толықтырулар әзірленді.

Университет жаңа академиялық мүмкіндіктерді кеңейтіп, халықаралық серіктестікті нығайта отырып, кадр даярлау сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте