Green Logistics
GREEN LOGISTICS
Магистратура бағдарламасы – «GREEN LOGISTICS MANAGEMENT»: Advancing Trans-Eurasian Accessibility through Sustainable Logistics Management and ICT Competence / LogOn-U
Бұл жоба логистиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту және транс- Еуразиялық қолжетімділікті орнықты дамыту саласындағы Болон процесіне сәйкес халықаралық деңгейде Қазақстан мен Ресей Федерациясының серіктес жоғары оқу орындарын тарту арқылы дамытуға бағытталған, яғни «Жасыл логистикалық менеджмент».
Жоғары оқу орындарының тұрақты халықаралық ынтымақтастығы аймақаралық ынтымақтастық, жалпы және шоғырландырылған көзқарас, интеграцияланған қызмет және жобаның шеңберінде нақты қадамдар арқылы қамтамасыз етіледі.
Академиялық бағдарламалар мен олардың мазмұны ЕО және Болон процесінің стандарттарына жеткізіледі.
Жобаның мақсаты:
Жобаның екінші жылының соңына қарай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарымен бірлесіп, «Green Logistics Management»: Advancing Trans-Eurasian Accessibility through Sustainable Logistics Management and ICT Competence – Магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу.
ЕО және Болон процесінің стандарттарына сәйкес менеджмент, логистика және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік саласындағы серіктес жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнын жаңғырту.
Green Logistics Management»: Advancing Trans-Eurasian Accessibility through Sustainable Logistics Management and ICT Competence магистрлік бағдарлама туралы толық қосымша ақпарат жобаның http://green-lg.com/ сайтында қол жетімді.
ЕО жобасының үйлестірушісі:
Жұмыс топтарының кездесулері:
2017 жылы 8-12 мамыр Швецияның Линчёпинг университетінде экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі В.Р. Зарубина, экономика және менеджмент кафедрасының доценті Н.Ю. Саргаева және халықаралық жобалардың аудармашысы Е.В. Перепечаева «Эразмус +» «Green Logistic» жобасының логистикасы бойынша семинарға қатысты..
Сапар барысында институт қызметкерлері Линчёпинг университетімен логистика бөлімінің жұмысы және сапа менеджментімен танысты.
Семинарға қатысушылар жоғары оқу орындарында инженерлік мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының құрылымы, логистика бойынша оқыту әдістемесінің ерекшеліктері, ғылыми зерттеулердің басым бағыттары, логистикалық ойындарды пайдалану (Beer Game, The Lean Production) сияқты бакалаврлар мен магистратура оқыту бағдарламалары, көліктік логистика, тауарларды жеткізу схемаларын есептеу бойынша маңызды тақырыптарды талқылады.
Линчёпинг университетінің оқытушылары логистикалық білім беру бағдарламаларын, инновациялық шешімдерді, бастамаларды іске асыруда және логистика мен білім беру саласындағы жобаларды дамытуда өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қорытындысы бойынша барлық демонстрациялық материалдар семинарға қатысушыларға ұсынылды
2017 жылы 2-4 мамыр аралығында оқытушылармен студенттерге «Жасыл логистикалық менеджмент» магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу» жобасы шеңберінде LogOn-U АКТ саласында тұрақты логистикалық басқару және құзыреттілік арқылы Транс-Еуропалық қол жетімділікті насихаттау мақсатымен Рудный индустриялық институтында Висмар университетінің қауымдастырылған прфессоры, Phd докторы Бейферт Анатолий дәріс оқып және практикалық сабақтар жүргізді.
Бұл жоба Болон процесіне сәйкес логистикадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту арқылы транс-Еуразиялық қол жетімділікті дамытуға бағытталған.
«Экономика», «Менеджмент» мамандықтарының 2,3 курс студенттері «Стратегиялық бизнес-модельдеу» курсын оқиды.
Курс шеңберінде келесі мәселелер қаралды: өндірістік басқару модельдеу, өндірістік логистика, стратегиялық бақылау, маркетингтік шешімдерді модельдеу.
2017 жылы 12-17 ақпан айында Таллинн техникалық университетінде (Таллин қ., Эстония), оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Божко Л.Л., экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Зарубина В.Р. халықаралық жобалардың аудармашысы Перепечаева Е. В. Эразмус+ «Green Logistic» жобасының жұмыс кеңесімен тақырыптық семинарына қатысты.
Сапар барысында институт қызметкерлері Таллинн техникалық университетін, «Mektory» инновациялық орталығын, NEFAB логистикалық компаниясын аралады. Семинарға Ресей, Эстония, Германия, Швеция және Қазақстан университеттерінің өкілдері қатысты
«Green Logistic» жобасының аралық нәтижелерін талқылады, Таллинн техникалық университетінің логистикалық білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін ұсынды.
Қазіргі уақытта Рудный индустриялық институтының жобалық қорлары қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етілуде: Logistics және SPSSStatisticsStandart.
2016 жылдың 21 желтоқсанында Рудный индустриялық институты (Рудный қаласы), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай қ.), Каспий университеті (Алматы қ.) жобаның мониторингі, түзету әрекеттерінің есептерін дайындау, Erasmus + ұлттық сарапшыларының ұсынымдарын орындау және жоба бойынша болашақ іс-шараларға негізделген, Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) жобасының үйлестірушісі Анатолий Бейфертпен (Skype) арқылы кездесу болды.
2016 жылдың 17 қараша айында Алматы қаласында Каспий Университетінде жұмыс кездесуі өтті, жобаның үш кезеңінің нәтижелерімен анықталған мақсаттарға сәйкестігін анықтау үшін жобаны қадағалау. Жұмыс кездесуіне Рудный индустриялық институты (Рудный қаласы), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай қ.), Каспий университеті (Алматы қ.), Ұлттық жобалар үйлестірушісі Шайзада Тасболатова және Erasmus + сарапшысы Меруерт Наренова қатысты.
2016 жылдың 14-16 қазанында Ресейдің Ростов мемлекеттік экономикалық университетінде жобаның ағымдағы жұмыс пакеттерін жүзеге асыру барысы туралы, ЕО, Ресей және Қазақстандағы логистикалық оқыту модельдерін салыстырмалы талдау, дөңгелек үстелде талқыланған талдаудың нәтижесі бойынша конференция өткізілді. Конференция «Логистикадағы жоғары білімнің салыстырмалы талдау: Трансеуразиялық тәжірибе» атты Оңтүстік-Ресей логистикалық форумының XII кезеңі аясында өтті.
2016 жылыдң 12-17 қыркүйек айында Германияның Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Йоахим П. Дадуна Алматы қаласындағы Каспий Университетінде таңдаулы келесі тақырыптар бойынша дәріс оқыды, оның ішінде «Жасыл логистика», Ұтқырлық және экономикалық даму, Көлік режимдері көліктік жүйелердегі тұрақтылық және инновациялары, аралас көлік, логистикалық жоспарлау, көлік және логистика саласындағы ақпаратты басқару, әрі қарай дамыту.
2016 жылдың 23-26 мамырында Швецияның Линчепинг университетінде Ресей және Қазақстандық оқытушыларының идеялармен алмасу және педагогикалық шабыт алу үшін оқу жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыс кездесуі өтті.
2015 жылы 26-27 қараша айында Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінде (Ресей) логистика саласындағы негізгі мәселелер мен ағымдағы үрдістер туралы, жобаның әр қатысушының еліндегі басты мәселелер мен проблемалары, әр қатысушыға арналған жұмыс пакеттері, сондай-ақ жиналысқа қатысушылардың маңызды мәселелеріне бойынша бастапқы кеңесі өтті.
ҚАТЫСУШЫЛАР
Университет Прикладных Наук, Технологий, Бизнеса и Дизайна, Висмар, Германия
Рудненский Индустриальный Институт, Рудный, Казахстан
Министерство Образования и Науки Республики Казахстан, Астана, Казахстан
Костанайский Государственный Университет имени А. Байтурсынова, Костанай, Казахстан
Каспийский Университет, Алматы, Казахстан
Общество с ограниченной ответственностью Производственно-коммерческая фирма “БЕТАР” (ООО ПКФ “БЕТАР”)
Казанский Национальный Исследовательский Технический Университет имени А.Н. Туполева, Казань, Россия
Университет Линкопинга, Линкопинг, Швеция
Ростовский Экономический Университет, Ростов-на-Дону, Россия
Санкт-Петербургский Политехнический Университет Петра Великого, Санкт-Петербург, Россия
Таллинский Технический Университет, Таллин, Эстония