Enactus RIU командасы Enactus Kazakhstan National Expo 2025-те!
🔥 Enactus RIU командасы Enactus Kazakhstan National Expo 2025-те!
✨ Бұл сапар РИУ командасы үшін керемет тәжірибе болып, еліміздің ең мықты командаларының жұмысын көруге мүмкіндік берді. Біздің студенттер олардың үлгісінен шабыттанып, жаңа жетістіктерге мотивация алды!
💪 Финалға шығу мүмкін болмағанымен, бұл – үлкен жолдың басы ғана. Команда университетімізді лайықты түрде таныстырып, жартылай финалистер кубогын иеленді.
🙏 Іс-шара ұйымдастырушыларына және осы маңызды кезеңде командамызды қолдағандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Жаңа белестерге бірге жетейік!