Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар! Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 21-22 сәуірінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың

Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар!

Рудный индустриялық институты 2022 жылдың 21-22 сәуірінде

жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың

«Туған өлке – жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: ғылым, техника және технологияларды дамытудың өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы жастардың рөлін бағалау.

Конференцияның міндеттері:

  • магистранттарды, студенттерді және білім беру мекемелерінің оқушыларын ғылыми қызметке тарту;
  • шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
  • жастардың бойында туған өлкеге деген қызығушылықты, патриоттық сезімді, тарихи сананы, әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның өзекті мәселелері.
  2. Тау-кен металлургия кешені: сын-қатерлер, басымдықтар, стратегиялық бағдарлар.
  3. Қазіргі өндірістегі инновациялық технологиялар.
  4. Пандемиядан кейінгі кезеңде жастардың Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі.
  5. Цифрландыру, баламалы энергетика және энергия үнемдеу – Қазақстанның даму векторы.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияға қатысу нысаны: күндізгі немесе сырттай қатысу

Талқылауды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық отырыстар

Конференцияға қатысу шарттары:

         – өтінім мен баяндама мәтінін көрсетілген мерзімде жіберу;

         – толтырылған өтінімге баяндама жеке файлмен бекітіледі;

         – конференцияға қатысу тегін.

Тіркелу шарттары:

Конференцияға қатысуға өтінім мен баяндаманың мәтінін электронды түрде 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін metodistrii@mail.ru электронды мекен-жайға қоса берілген нысанға сәйкес жолдау қажет.

Ақпараттық хат сәуір конференциясы_Каз     

Ақпараттық хат сәуір конференциясы_Рус     

Ақпараттық хат сәуір конференциясы_Анг     

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте