Қазіргі уақытта РИУ студенттері мен магистранттарына дәріс және семинар сабақтарын Мансура университетінің (Египет) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы AmirSalahHassanAbdelMenaem жүргізеді
Рудный индустриялық университеті Германия, Корея, Қытай, Финляндия, Болгария, Чехия, Польша, Ресей, Латвия, Эстония, Беларусь, Австралия, Греция, Италия, Словакия және басқа елдердің жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда. Ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық туралы 50-ден астам келісімге қол қойылды және іске асырылуда.
Қазіргі уақытта РИУ студенттері мен магистранттарына дәріс және семинар сабақтарын Мансура университетінің (Египет) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы AmirSalahHassanAbdelMenaem жүргізеді. Мансура университеті – Египеттегі жетекші мемлекеттік университеттердің бірі. Университетте 7000-нан астам оқытушылар жұмыс істейді, олар 165000-нан астам бакалавриат студенттерін және 18000 аспиранттарды инженерлік, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы, медицина және т.б. бағдарламалардың кең ауқымы бойынша оқытады. Мансур университетіндегі бағдарламалардың көпшілігі толығымен ағылшын тілінде оқытылады.
Шетелдік оқытушы «Энергетика және электр техникасы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Электр техниканың теориялық негіздері», «Релелік қорғау және автоматика», «Инновациялық электр энергетикасы»пәндері бойынша сабақтар өткізеді.
Дәрістер ағылшын тілінде өтеді, бұл университетте көп тілді білім беру ортасын құру міндетіне сәйкес келеді. Сондай-ақ, сапар аясында техникалық білім беру бағдарламалары студенттерінің оқу процесіне қатысатын РИУ оқытушыларына арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі.



