Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шетелдік мамандарды Қазақстан жоғары оқу орындарының оқыту үдерісіне тарту» бағдарламасы аясында Рудный индустриалдық университетіне шетелдік ғалым Фахим Ур Рехман келді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шетелдік мамандарды Қазақстан жоғары оқу орындарының оқыту үдерісіне тарту» бағдарламасы аясында Рудный индустриалдық университетіне шетелдік ғалым Фахим Ур Рехман келді. Қазіргі уақытта ол Экономика және құрылыс жоғары мектебінің 1–2 курс студенттеріне «Макроэкономика», «Қаржы нарықтары және делдалдар», «Эконометрика» және «Экономикалық теория» пәндерінен сабақ беруде.
Доктор Фахим студенттердің экономикалық үдерістерді терең түсінуіне жағдай жасап, өзінің мол тәжірибесі мен практикалық білімін белсенді түрде бөлісуде. Сонымен қатар ол университет оқытушыларына заманауи оқыту әдістерін меңгеруге, ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге және халықаралық академиялық деңгейін арттыруға ықпал етуде. Оның кәсіби көзқарасы білім беру сапасының жақсаруына, студенттер мен қызметкерлердің зерттеу және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға елеулі үлес қосады.
