ІС-ШАРА

ІС-ШАРА

1 қыркүйек күні еліміздің әрбір бұрышында оқу орындары жаңа оқу жылына өз есіктерін ашады, сонымен қатар Рудный индустриялық институты да тыс қалған жоқ.

         Жаңа оқу жылының басталуымен барлық оқытушыларды және студенттерді Рудный индустриялық институты ректорының  міндетін атқарушы Лариса Леонидовна Божко құттықтап, өз сөзінде баршаға табысты жұмыс пен оқуда жетістіктер тіледі.

         1 қыркүйек – бұл баршамыздың мерекеміз, себебі кез келген жұмыстың, мамандықтың, тіпті хоббидің да негізінде білім жатыр. Білім адамға өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік және өз қабілеттерін іске асырып жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Профессорлық-оқытушылық құрамы атынан техника ғылымдарының кандидаты, тау-кен металлургия факульетінің деканы Кузьмин Сергей Львович, Инженерлік және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының, гуманитарлық білім магистірі  Нурмагамбетова Гульмира Турмановна сөз сөйледі.

         Ел басшылығының басты назары жастарда, өйткені жастар қазіргі заманғы Қазақстанның стратегиялық алға тартушысы болып табылады. Еліміздің қазіргі таңғы жағдайы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылықтары және мүмкіндіктері және олардың іске асуын анықтайтын контурлар еліміздің алдағы болашағы. Біздің ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару өте белсенді дамуда. Өз құттықтауларын Рига техникалық университетінде академиялық мобильділік шеңберінде оқудан өткен энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің 4 курс студенті Кошмаханова Айжан, және қазіргі таңда жеке кәсіпкер экономика және құрылыс факультетінің 3 курс студенті Пустотин Павел білдірді. Олар студенттерге студенттік өмірлерінде сәттілік, шығармашылық табыс, оқуда жетістіктер тіледі.

         Содан соң «Білім күні» бағдарламасы бойынша 2-4 курс студенттеріне арналған ҚР Конституция күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – теңдік пен әділеттіліктің кепілі» және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыбында жалпыинституттық дәрістік  сағаты өтті. Ал бірінші курс студенттері институт ішіндегі студенттердің өзін-өзі басқару құрамындағы белсенді студенттерімен танысты. «Білім күні» бағдарламасының соңы «Школа первокурсника 2018» болды, жаңа келген студенттерге семинарлар, танысу тренингтері, шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған және т.б. тренингтер өткізілді.

день знаний 2018

Приемная комиссия

Call - центр

Call-center: 8(71431)50702, 87013849448 По вопросам заселения в общежития: 8(71431)9-25-68, 87054403859 Электронный адрес: abiturient@rii.kz