РИУ ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды
«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38) «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды; тел.: 87773758811, info@rii.kz.
Ішкі аудит қызметі Қоғамның Жалғыз акционерін, Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалынан тәуелсіз, Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғамның бақылау органы болып табылады, сондай-ақ ол тікелей Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынысты және есеп береді.
Қызмет өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Жыл сайын Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесінің деректері және/немесе тәуекелдерді өз бетінше бағалау негізінде алдағы күнтізбелік (оқу) жылына арналған, тәуекелдерді ескере отырып Қоғам қызметінің ішкі аудит басымдықтарын айқындайтын жылдық аудиторлық жоспарды әзірлейді және оны Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынады;
2) Қызметтің негізгі міндеттеріне сәйкес аудиторлық тапсырмаларды орындайды;
3) Есепті кезеңнің (жыл немесе тоқсан) қорытындысы бойынша Директорлар кеңесіне орындалған аудиторлық жұмыстар туралы есепті жүйелі түрде ұсынып отырады;
4) Қоғамның сыртқы аудитор мен өзге де тексеруші мемлекеттік органдардың ұсынымдарын орындауын мониторингілеуді жүзеге асырады;
5) Қоғамның Қызмет берген және белгіленген тәртіппен қабылданған ұсынымдарын орындауын мониторингілеуді жүзеге асырады, сондай-ақ Директорлар кеңесіне жүргізілген аудиттердің нәтижелері бойынша және/немесе Қызметтің ұсынымдары бойынша Қоғам басшылығы бекіткен түзету іс-шараларының (алдын алу әрекеттерінің) барысы мен орындалу сапасы туралы ақпаратты жеткізеді;
6) Қажет болған жағдайда сыртқы аудиторлар, тәуелсіз бағалаушылар және/немесе консультанттар жүргізетін аудит, бағалау, талдау процестеріне қатысады;
7) Ерекше жағдайларда, Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қоғам қызметінің жекелеген аспектілеріне тақырыптық ішкі аудит жүргізеді, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексерулерге, арнайы тексерістерге қатысады;
8) Қызмет қызметкерлерінің тұрақты кәсіби оқуы және біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
9) Қызмет құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары кәсіби білім, ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық сала, және/немесе юриспруденция саласындағы қосымша білімінің болғаны жөн;
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде үш жыл;
3) басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі – кемінде екі жыл;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, соның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білуі;
5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) білуіне артықшылық беріледі;
6) қосымша арнайы дайындығының болуы, атап айтқанда «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігінің, және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының, және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) дипломдалған үйантты бухгалтер сертификатының, және/немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломының, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының, және/немесе DipPIA (Diploma in Professional Internal Auditor) дипломының болуына артықшылық беріледі;
7) мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруіне артықшылық беріледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) Конкурс қатысушысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады):
– Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі (бұған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың/келісімнің қолданысына жататын шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген құжаттар жатпайды);
– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
4) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт бұрын берілген № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;
8) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат (соттылығының жоқтығы туралы анықтама).
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
