Рау Альберт Павловичтің, депутаттың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарының атаулы гранттарын беруге конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, депутат, экономика ғылымдарының докторы, академик, Рудный индустриялық университетінің түлегі, құрметті профессоры Рау Альберт Павловичтің атаулы гранттарын тағайындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа оқуда үздік және жақсы нәтижелер көрсеткен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, РИУ-дың қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатын күндізгі оқу нысанының 2-4 курс білім алушылары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Атаулы грантты тағайындауға арналған сауалнама (растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге);
  2. Транскрипт;
  3. Оқу тобы кураторының мінездемесі;
  4. Отбасы табысы туралы анықтама, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы құжаттар.

Конкурстық құжаттар 2026 жылғы 5 наурызға дейін info@rii.kz  электрондық поштасына «Атаулы гранттарды тағайындау конкурсы» деген белгімен жіберіледі.

Конкурс қорытындысын шығаруды және жеңімпаздарды анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурс нәтижелері РИУ-дың ресми сайтында жарияланады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте