Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

«Рудный индустриялық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау қолма қол және info@rii.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу уақыты мен күні: 2025 жылғы 25 тамыз, сағат 18.00-ге дейін.

Конкурсты өткізу күні қосымша хабарланатын болады. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көш., 38, 226 кабинет, HR кеңсе.

Телефон: +7(71431) 5-07-06

ПОҚ және ғылыми қызметкерлер конкурсына ұсынылатын бос жұмыс орындарының тізімі

Білім беру бағдарламасының атауы Профессор Доцент Аға оқытушы Оқытушы
Экономика және кәсіпкерлік 1 2
Ұйым менеджменті 1 1
Электр энергетикасы және электротехника 1 2 1
Жылу энергетикасы және жылу техникасы 1
Автоматтандыру және басқару 1 1
Тау-кен өндірісі 2
Ақпараттық жүйелер мен технологиялар 1 1 1
Ғимараттар мен құрылыстар салу 1 2
Көлік техникасы және технологиялары 1 1
Пайдалы қазбаларды өңдеу 1
Қара және түсті металдарды өндіру және өңдеу 1
Сән индустриясы өнімдерінің технологиясы және жобалануы 1 1
Өмір сүру ортасының дизайны 2

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (сурет 3*4).
  2. Салыстыру үшін жеке куәлік
  3. Өмірбаян
  4. Жоғары білімі және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы аттестаттың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (ПОҚ үшін нотариалды куәландырылған).
  5. Оқытылатын пәндер бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері, шетелдік тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификаттар, білім берудегі менеджмент курстары (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
  6. Ғылыми жарияланымдар мен патенттердің расталған тізімі (бар болған жағдайда)
  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама, вакцинация паспорты.
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама
  9. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер
  10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер
  11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы Наркологиялық ұйымнан анықтама
  12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  13. Оқытуға конкурсқа қатысушы профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткер болатын пәндердің презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын) немесе білім беру бағдарламаларын дамытудың презентациясы
  14. Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б.).
  15. Құжаттарды онлайн тапсырған кезде құжаттардың сканерленген көшірмелері беріледі, университетте әңгімелесу кезінде конкурсқа салыстыру үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары да беріледі.

 

Конкурсқа қатысатын кандидаттарға қойылатын талаптар:

«Рудный индустриялық университеті» КЕАҚ ПОҚ лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес (info@rii.kz ).

 

Конкурс өткізу: «Рудный индустриялық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес (info@rii.kz).

 

Өтініш беру және құжаттарды жіберу мекен-жайлары: 111500, Рудный қ., 50 лет Октября, 38; HR кеңсе (№226 каб.). Телефон: +7(71431) 5-07-06

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте