Назар аударыңыз! Академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурс жарияланады.

Назар аударыңыз! Шетелде оқу үшін академиялық ұтқырлық (бакалавриат) бағдарламасы аясында конкурс жарияланады
Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушылар 2026 жылғы 04 мамырға дейін Рудный индустриялық университетінің Ғылым, коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық офисіне (бас корпус, 229-кабинет) төмендегі құжаттар топтамасын ұсынуы қажет:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (бұдан әрі – өтініш);

2. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

3. білім туралы құжаттар: жоғары оқу орнының мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;

4. шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынады):
– халықаралық шетел тілін бағалау жүйелері арқылы алынған сертификат (болған жағдайда);
– шетелдік ЖОО-ның студентті қолданыстағы шетел тілі деңгейімен қабылдауға келісімі туралы хаты;
– РИУ тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 072/у нысанындағы (шетелге шығатын тұлғалар үшін) медициналық анықтама;

6. Қазақстан Республикасынан шығу сәтінде он сегіз жасқа толмаған жағдайда, үміткердің ата-анасының, қорғаншыларының немесе заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

7. студент отбасының көпбалалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

8. студенттің ата-анасының жоқ екенін растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін) (болған жағдайда);

9. студенттің мүгедектігін растайтын құжат (болған жағдайда).

Анықтамалар үшін телефон: 8 (71431) 5-07-02

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте