Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында, 2025 жылғы 7 сәуірде Рудный индустриялық университетінде ЖОО-ның жас ғалымдарына арналған ғылыми семинарлар сериясы басталды

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында, 2025 жылғы 7 сәуірде Рудный индустриялық университетінде ЖОО-ның жас ғалымдарына арналған ғылыми семинарлар сериясы басталды. Әзірленген жобаларды 2025 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізілген Педагогикалық шеберлік мектебінің тыңдаушылары ұсынды. Семинарда жас мамандарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, сондай-ақ университет білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Жас ғалымдар ғылыми компонентті университеттің білім беру қызметіне интеграциялау бойынша жобалар дайындады. Атап айтқанда, ғылыми бейімділікпен зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу, ғылыми үйірмелер мен студенттік зерттеу топтарының жұмысы, жобалау-зерттеу қызметі туралы баяндады.
Семинардың тыңдаушылары кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және ғылыми қызметке жаңа тәсілдерді енгізуге мүдделі РИУ оқытушылары мен қызметкерлері болды.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте