Экономика және құрылыс Жоғары мектебінің деканы бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады

«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқармасы, 111500, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Экономика және құрылыс жоғары мектебінің деканы (бұдан әрі – Жоғары мектеп деканы) бос лауазымына конкурс жариялайды; тел.: 8743150706, info@rii.kz.

Негізгі міндеттеріне сәйкес Жоғары мектеп деканы белгіленген тәртіппен келесі функцияларды орындайды:

  1. Жоғары мектептің оқу, ғылыми және тәрбие жұмысына жалпы басшылық жасау.
  2. Білім беру сапасын және академиялық стандарттардың сақталуын, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмыс істеуін бақылау.
  3. Жоғары мектеп студенттері мен ПОҚ-тың ғылыми зерттеулерін қолдау және дамыту.
  4. Университет деңгейінде және одан тыс жерлерде Жоғары мектептің мүдделерін білдіру.
  5. Жоғары мектептің оқытушылар құрамын іріктеу, аттестаттау және біліктілігін арттыру.
  6. Студенттердің оқу және тәрбие процестеріне, академиялық мәселелеріне қатысты мәселелерді шешу.
  7. Басқа оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, өндірістік ұйымдармен және түлектермен байланыс орнату және қолдау.
  8. Жоғары мектеп жұмысының тиімділігін бағалау, оқу, ғылыми және тәрбие қызметінің нәтижелілігіне талдау жасау, жақсарту жоспарларын әзірлеу.
  9. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының аккредиттеу талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, оларды сыртқы бағалауға дайындауды ұйымдастыру

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

1) Жоғары мектептің білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін салада ғылыми дәрежесінің (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесінің немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің, сондай-ақ ғылыми атағының (доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) болуы құптарлық; ғылыми жарияланымдарының және ғылыми қызмет тәжірибесінің болуы;

2) Білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде кемінде 3 жыл оқытушылық қызметі (артықшылық беріледі).

Оқу орындарында басқару немесе әкімшілік жұмыс тәжірибесі, жақсысы факультет/Жоғары мектеп немесе кафедра деңгейінде (артықшылық беріледі);

3) Білім беру заңнамасын және оқу орындарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу:

– Қазақстан Республикасының Конституциясы;

-ҚР Заңдары: «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»;

– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

– Білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері;

– Оқу жоспарларын жасау тәртібі;

– Оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері;

– Педагогика, физиология, психология және оқыту әдістемелері;

– Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи формалары мен әдістері;

– Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормалары;

– Білім мен ғылым саласындағы заманауи үрдістерді түсіну;

4) Ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент саласында біліктілікті арттыру сертификатының болуы;

5)  Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгергені жөн, шет тілін С1, С2 деңгейінде білуі (құпталады)

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды қағаз және электронды түрде ұсынады:

1) өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады):

– Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі (бұған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болып табылатын ҚР азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданыс аясына кіретін құжаттар жатпайды);

– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданыс аясына кіретін білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

4) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша, құжаттарды тапсырар күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт бұрын берілген № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсырар күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсырар күнге дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

8) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат (соттылығының жоқтығы туралы анықтама);

9) стратегиялық көзқарасты, дамудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды қамтитын Жоғары мектептің даму жоспары.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.

 

Кандидаттар үшін шарттар:

 

Ресми түрде жұмысқа орналасу және әлеуметтік пакет.

Еңбекақы 500 000 теңгеден басталады.

Жоғары мектеп деканы лауазымына тағайындалған басқа қаладан келген кандидаттар үшін университет ведомстволық тұрғын үй береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте