Құрме жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар! РИУ 2026 жылғы 23-24 сәуірде жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың «ТУҒАН ӨЛКЕ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар!

Рудный индустриялық университеті 2026 жылғы 23-24 сәуірде жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың

«ТУҒАН ӨЛКЕ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ»

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция бағдарламасында пленарлық мәжіліс, секциялық жұмыстар және тақырыптық пікірталастар өткізу қарастырылған.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):

  1. Өнеркәсіптегі инженерлік технологиялар және цифрлық шешімдер
  2. Тау-кен металлургия кешеніндегі инновациялық технологиялар мен перспективалар
  3. Инновациялық технологиялар Қазақстанның стратегиялық даму векторы ретінде
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын дамытудың мәселелері мен перспективалары
  5. Қазақстанның тұрақты дамуының жаһандық трендтері

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияға қатысу нысаны: күндізгі, сырттай.

Талқылауларды өткізу нысаны: пленарлық және секциялық мәжілістер.

Ақпараттық хат (ағылшын тілінде):          

Ақпараттық хат (орыс тілінде):          

Ақпараттық хат (қазақ тілінде):          

 

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте