«РУДНЫЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС ХАБАРЛАЙДЫ
«Рудный индустриялық университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол және info@rii.edu.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 20 тамыз, сағат 18:00-ге дейін.
Конкурсты өткізу күні қосымша хабарланады.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38, 226-бөлме, HR-кеңсе.
Телефон: +7(71431) 5-07-06
| Білім беру бағдарламасының атауы | Профессор | Доцент | Аға
оқытушы |
Оқытушы |
| Экономика және кәсіпкерлік | 1 | 1 | 2 | 1 |
| Ұйымдастыру менеджменті | 1 | |||
| Электр энергетикасы және электр техникасы | 1 | 3 | 1 | |
| Өнеркәсіптік жылу энергетикасы | 1 | 1 | ||
| Автоматтандыру және басқару | 1 | 1 | 1
|
|
| Пайдалы қазбаларды өндіру | 2 | 1 | ||
| Ақпараттық жүйелер мен технологиялар |
|
1 | 1
|
1
|
| Ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Көлік техникасы мен технологиялары |
|
2 | ||
| Пайдалы қазбаларды байыту | 2 | |||
| Қара және түсті металдарды өндіру мен өңдеу | 1 | 1 | 1 | |
| Сән индустриясы бұйымдарының технологиясы мен жобалануы | 1 | 1 | ||
| Тіршілік ортасының дизайны | 2 | 1 | ||
| Медициналық инжиниринг | 1 | |||
| Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау | 1 | 1 | ||
| Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалану және жөндеу | 1 | |||
| Пән атауы | Профессор | Доцент | Аға
оқытушы |
Оқытушы |
| Психология | 1 | |||
| Дене шынықтыру | 1 | |||
| Шетел тілі (ағылшын) | 1 | 1 |
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша (3*4 фото).
- Салыстыру үшін жеке басын куәландыратын куәліктер.
- Өмірбаян.
- Жоғары білім және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атақ туралы аттестаттың көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары (ПОҚ үшін нотариалды куәландырылған).
- Оқытылатын пәндер бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
«Ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша – ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда оқытылатын пәндердің бейіні бойынша;
«Тіршілік ортасының дизайны» білім беру бағдарламасы бойынша – мәдениет және өнер саласындағы білім беру, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарда оқытылатын пәндердің бейіні бойынша;
сондай-ақ шетелдік тағылымдамалардан өткенін; білім беру процесінде жасанды интеллект саласындағы біліктілікті арттыру курстарын; инклюзивті білім беру әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарын (бар болса) растайтын сертификаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары. - Ғылыми басылымдар мен патенттердің куәландырылған тізімі (бар болса).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама, вакцинация паспорты.
- Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін есептер бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер.
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі №11304) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама).
- Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысушы оқытуға үміттенетін пәндердің/білім беру бағдарламасының таныстырылымы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын), келесі құрылым бойынша:
білім беру бағдарламасы шеңберіндегі пәннің атауы мен сипаттамасы,
оқытудың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері,
пәнді оқыту әдістері мен құралдары,
авторлық тәсіл (бар болса) - Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (бұрынғы жұмыс орны бойынша басшылықтан ұсынымдар және т.б.).
- Құжаттарды онлайн тапсыру кезінде құжаттардың сканерленген көшірмелері беріледі, университетте әңгімелесу кезінде конкурсқа сондай-ақ салыстыру үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары беріледі.
Конкурсқа қатысатын кандидаттарға қойылатын талаптар:
«Рудный индустриялық университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес (info@rii.edu.kz).
Конкурсты өткізу: «Рудный индустриялық университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурстық орналастыру қағидаларына сәйкес (info@rii.edu.kz).
Құжаттар бойынша жүгіну және оларды мына мекенжайға жолдау қажет: 111500, Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 38; HR-кеңсе (№226 бөлме). Телефон: +7 (71431) 5-07-06
Құжаттарды жүктеу:
Хабарландыру: ![]()
ПОҚ лацазымдарының біліктілік сипаттамалары: ![]()
![]()
![]()
![]()
