16 қыркүйекте Рудный индустриялық институтында Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті

16 қыркүйекте Рудный индустриялық институтында Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Ильясов Шамиль Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйледі. Бірінші болып Елена Некрасова «Өңірлік саясатты жетілдіру және еңбек нарығында тиімді экосиситеманы қалыптастыру» тақырыбына баяндама жасады, онда пандемия халықтың еңбек нарығындағы еңбекке қабілеттілігіне қатты әсер еткені туралы айтылды. Спиридонова Анастасия «Саяси модернизация және адам құқықтарын қорғау» тақырыбына баяндама оқыды, онда кезең-кезеңімен саяси модернизация туралы және бұл біздің мемлекетіміздің стратегиялық бағытының басты міндеттерінің бірі екені жайлы айтылған. Шектибаева Асем «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. Сапалы білім беру» тақырыбына баяндама жасады. Бұл тақырыпта санэпидемикалық шараларды қолдана отырып, қазақстандықтарды короновирус індетінен құтқару болашақ мамандардың білімін арттыруы мүмкін екендігі айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар Тұңғыш Президент – Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, бүкіл әлемге танымал болғанын қорытындылады.

Мы в социальных сетях:
Follow by Email
Twitter
Visit Us
YouTube
YouTube
Instagram
Одноклассники
Вконтакте