РИИ магистранттары П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетінің электрмен жабдықтау кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
РИИ магистранттары П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетінің электрмен жабдықтау кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Ғылым, білім және инновациялар саласындағы жетекші шетелдік ұйымдармен стратегиялық әріптестікті дамыту Рудный индустриялық институтын интернационалдандыру стратегиясының басым бағыты болып табылады.
Әріптестерді таңдау және халықаралық іс-шараларға назар аудару ғылыми, білім беру және инновациялық компоненттерді талдау негізінде жүзеге асырылады. Университеттер пулы құрылды, олармен келіссөздер жүргізіліп, ынтымақтастық туралы жаңа шарттар жасалуда.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ стратегиялық әріптестерінің бірі Беларусь Республикасының университеттері болып табылады.
Мәселен, Беларусь Республикасының жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Қазіргі уақытта «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын РИИ магистранттары П.О.Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетінің электрмен жабдықтау кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама бағдарламасы Беларусь Республикасының отын-энергетикалық кешенін зерделеуді, энергетикалық тиімділік саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін қарауды, Беларусь Республикасында энергия аудитін жүргізудің нормативтік-құқықтық базасымен танысуды, энергия тиімділігінің ағымдағы жай-күйін бағалауды жүргізуді және энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу жағдайларында оны болжауды және т. б. қамтиды. Сонымен қатар, магистранттар «Машина жасау, энергетика және басқару саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер» атты студенттердің, аспиранттардың және жас ғалымдардың XXII халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының жұмысына қатысады.
Мұндай әріптестік жоғары оқу орындары арасындағы қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, елдеріміздің ғылыми және білім беру кеңістігін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.